jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Шымкентте бір үйлі жан табиғи газдан уланып, ауруханаға түсті

    газ жабдығы
    Газ жабдығы. Видеодан кадр: instagram.com/112shymkent/

    Шымкентте бір үйде тұратын 8 адам табиғи газдан уланып қалды. Қалалық ТЖД мәліметінше, олардың улануына түтін мұржасының қауіпсіздік талаптарына сай болмауы себеп болуы мүмкін, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

    28 желтоқсанда Шымкент қаласының Абай ауданында бір отбасының газбен улану фактісі тіркелді. Оқиға салдарынан бір отбасының 8 адам зардап шекті.

    Төтенше жағдайлар департаментінің және қалалық орта сапасы және бақылау басқармасының қызметкерлері оқиға орнына барған. Алдын ала болжам бойынша, улану себебі – түтін мұржасының қауіпсіздік талаптарына сай болмауы.

    "Қазіргі уақытта зардап шеккен азаматтардың жағдайы қанағаттанарлық, барлығы медициналық бақылауда", - дейді ТЖД өкілдері.

    Осыған байланысты Шымкент қаласы ТЖД қала тұрғындарына газ жабдықтарын уақытылы тексертуді, түтіндік мұржаның дұрыс орнатылғанын қадағалауды, үй ішіндегі газ жабдықтарына техникалық қызмет көрсету бойынша келісімшарт жасауды ескертеді.

    "Улы газ – иіссіз әрі аса қауіпті. Өз өміріңіз бен жақындарыңыздың қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қараңыз", - делінген хабарламада.

    Шымкентте бір үйлі жан табиғи газдан уланып, ауруханаға түсті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.