Жаңа жыл түні Таразда мейрамхана өртке оранды: 100 адам эвакуацияланды (видео)
Опубликовано:
Таразда Жаңа жыл қарсаңында екі өрт тіркелді. Алдымен бес қабатты тұрғын үйдің шатыры өртенді, одан кейін мейрамханадан өрт шыққан. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Жамбыл облысы ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Өткен түні Таразда ТЖМ қызметкерлері мейрамханадан шыққан өртпен алысты. Өрт сөндірушілер қызыл жалынның мейрамхана жанындағы басқа ғимараттарға таралуының алдын алды.
"Тараздағы Жамбыл даңғылы бойында екі қабатты мейрамхана ғимаратына жапсарлас салынған жаздық алаң өртенді.
Оқиға орнына жедел жеткен Жамбыл облысының ТЖД күштері мейрамханадан шамамен 100 адамды эвакуациялады. Жедел қабылданған шаралардың нәтижесінде өрттің мейрамхананың негізгі ғимаратына және жанында орналасқан жанармай құю бекетіне таралған жоқ", - делінген хабарламада.
Өрт 300 шаршы метр алаңды шарпыған. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталуда.
Бұған дейін, 31 желтоқсанда Таразда тағы бір ірі өрт тіркелген. Қаладағы бес қабатты ғимараттың шатыры жанған.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/emergency/2327549-zhanga-zhyl-tuni-tarazda-meiramhana-ortke-orandy-100-adam-evakuatsiialandy-video/