Алматыда түнде қойма өртенді (фото, видео)
Опубликовано:
Читать на русском
8 қаңтарға қараған түні Алматыдағы Солтүстік айналма тас жолындағы қойма өртеніп кетті. Оны сөндіруге ондаған адам жұмылдырылды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.
Министрлік мәліметінше, бірінші өрт сөндіру жасақтары келген бойда қойманың жанып жатқанын анықтаған.
"Оқиға орнында құтқарушылар жоғары дәрежеде жұмыс істеді. Өрт сөндіру оқпандары берілді, автоцистерналар өрт сөндіру гидранттарына қосылды. Зардап шеккендер туралы ақпарат 112 желісіне түскен жоқ.
Оқиға орнында өрт сөндіру штабы құрылды, өртті сөндіруге 85 адам жеке құрам мен 22 бірлік техника мен ТЖМ автопоезы жұмылдырылды. 3 жауынгерлік учаске ұйымдастырылды", - делінген ТЖМ хабарламасында.
ТЖМ ақпаратына сәйкес, өртті сөндіру ғимарат құрылысының ерекшелігіне және жоғары өрт жүктемесіне байланысты күрделене түскен. Десе де ТЖМ күштері өртті оқшаулады.
"Өрт сөндірушілердің үйлесімді және жедел іс-қимылдарының арқасында жанындағы ғимаратқа өрттің одан әрі таралуына жол берілмеді. ТЖМ күштері 1900 ш.м. алаңды шарпыған өртті толығымен сөндірді" - дейді ТЖМ өкілдері.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/emergency/2329115-almatyda-tunde-qoima-ortendi-foto-video/