Улы түтін пайда болған: Алматыда тұрғын үйде болған өрт кезінде екі әйел құтқарылды
Опубликовано:
Читать на русском
Алматыдағы көпқабатты үйде болған өрт кезінде екі адам құтқарылды. Құтқарылғандардың бірі жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырылды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Министрлік мәліметінше, Алматы қаласының Алмалы ауданында Клочков көшесінде орналасқан 5 қабатты тұрғын үйдің 3-қабатындағы пәтерде өрт шықты.
"Оқиға орнына келген кезде үшінші қабаттағы пәтердің кіреберісі мен санитарлық торабы 15 шаршы метр аумақта ашық жалынмен жанып жатқаны анықталды. Тұрғын үйдің кіреберіс үй-жайларында қалың улы түтін пайда болып, тұрғындардың денсаулығына қауіп төндірді.
Өртті барлау және сөндіру барысында газ-түтіннен қорғау қызметі құлыптаулы тұрған жанып жатқан пәтерді ашты. Жанып жатқан бөлмелер арқылы өтіп, балконда кейуана ашылмайтын терезе арқылы тыныс алып тұрғанын анықтады. Ол құтқарылып, оқиға орнына келген жедел медициналық жәрдем бригадасына тапсырылды. Сонымен қатар 4-қабаттан 52 жастағы әйел құтқару қалпағының көмегімен қауіпсіз жерге шығарылды. Бұдан бөлек көрші пәтерлердің тұрғындары қауіпсіз жерге эвакуацияланды. Азаматтарды жылыту үшін "Вахтовка" арнайы техникасы жұмылдырылды.
Жедел қабылданған шаралардың нәтижесінде өрт сөндірілді. Қайтыс болғандар жоқ. Құтқарылғандар дәрігерлердің бақылауында, өміріне қауіп төніп тұрған жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр", - делінген министрлік хабарламасында.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/emergency/2329988-uly-tutin-paida-bolgan-almatyda-turgyn-uide-bolgan-ort-kezinde-eki-aiel-qutqaryldy/