jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Үй толық қираған: СҚО-да өрттен бір ер адам мен бала көз жұмды

    СҚО-дағы өрт
    Оқиға орнынан фото: ҚР ТЖМ

    СҚО-да жеке тұрғын үйде өрт шығып, бір ер адам мен бала мерт болды. Тағы бір баланы іздеу жұмысы жалғасып жатыр, деп хабарлайды ТЖМ-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Ведомствоның мәліметінше, 11 қаңтарда кешкі уақытта Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының Майбалық ауылында орналасқан жеке тұрғын үйде өрт шыққан.

    101 пультіне хабарлама түскеннен кейін оқиға орнына өртке қарсы қызметтің бөлімшелері жедел түрде жіберілген.

    СҚО-дағы өрт
    Оқиға орнында жұмыс істеп жатқан мамандар. Фото: ҚР ТЖМ

    "Құтқарушылар оқиға орнына келген кезде тұрғын үйдің толықтай отқа оранып, толық қирағаны анықталды.

    Үй иесінің айтуынша, өрт болған сәтте үйде оның жұбайы мен кәмелетке толмаған екі бала болған.

    Өртті сөндіру және үйінділерді бөлшектеу барысында құтқарушылар ер адам мен кәмелетке толмаған бір баланың денесін тапты. Екіншісін іздеу жұмыстары жалғасып жатыр", - делінген хабарламада.

    Өрт 64 шаршы метр аумақта толықтай сөндірілген. Өртті сөндіруге ТЖД-ның жеке құрамынан 24 қызметкер мен 6 техника, сондай-ақ "Агрофирма" ЖШС-нің ерікті өртке қарсы құрылымы қатысқан.

    СҚО-дағы өрт
    Оқиға орнынан фото: ҚР ТЖМ

    Оқиға орнында департамент басшылығы бар, ТЖД психологтары үй иесіне қажетті психологиялық көмек көрсетіп, өрттің неден шыққаны анықталып жатыр.

    ТЖМ азаматтарды пешпен жылыту, электр және газ жабдықтарын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауға шақырады.

    Үй толық қираған: СҚО-да өрттен бір ер адам мен бала көз жұмды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.