Павлодар облысында өрттен екі бала мерт болды
Опубликовано:
Павлодар облысында жеке тұрғын үйде болған өрттен екі бала көз жұмды, деп хабарлайды өңірлік ТЖД-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Ведомствоның баспасөз қызметінің мәліметінше, бүгін сағат 08:33-те Павлодар облыстық ТЖД-ның "101" қызметі операторының пультіне Ертіс ауылында орналасқан жеке тұрғын үйдегі өрт туралы хабарлама келіп түскен.
Өрт сөндіру бөлімшелері оқиға орнына 3 минутта (08:36-да) жеткен.
Мамандар келгенде үйдің толығымен отқа оранғаны анықталған. Үй заттары, жиһаз бен шатыр жанып, үйді толығымен түтін басқан.
Күрделі жағдайға қарамастан, өрт сөндірушілер алғашқы минуттардан бастап зардап шеккендерді іздеуге кірісіп, үш баланы құтқарған. Оларды жедел жәрдем бригадасына тапсырған. Өрт сөндіру бөлімшелері келгенге дейін бір бала өздігінен шығып үлгерген.
"Өкінішке қарай, кәмелетке толмаған екі бала ауруханада көз жұмды", - делінген хабарламада.
50 шаршы метр аумақты қамтыған өрт сөндірілген. Өрттің неден шыққан анықталып жатыр.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін СҚО-да жеке тұрғын үйде болған өрттен ер адам мен бір бала мерт болған еді. Кейін тағы бір бала көз жұмды.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/emergency/2331756-pavlodar-oblysynda-ortten-eki-bala-koz-zhumdy/