jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Қарағандыдағы жарылыстан кейін екі адам қайтыс болды

    Қарағандадыдағы өрт
    Қарағандадыдағы өрт. Видеодан кадр: instagram.com/halyqstan.kz

    22 қаңтарда Қарағандыдағы жедел тамақтану орындарының бірінде газ баллоны жарылып, төрт адам зардап шеккен еді. Өкінішке қарай, олардың екеуі көз жұмды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Қарағанды облысының травматологиялық қызметінің ахуал орталығының жетекшісі Ксения Деревяшкинаның айтуынша, қатты күйік шалған екі пациент те өте ауыр халде ауруханаға жеткізілген.

    "Олар ауруханаға түскен сәттен бастап бейінді мамандарды тарта отырып, барлық қажетті медициналық көмек көрсетілді. Кешенді емдеу шараларына қарамастан, өкінішке қарай, пациенттер қайтыс болды", - деді Ксения Деревяшкина.

    Естеріңізге сала кетейік, 22 қаңтарда Қарағанды қаласындағы Ермеков көшесінде орналасқан киоск түріндегі жедел тамақтану кафесінде газ-ауа қоспасы жарылып, өрт шыққан еді.

    ТЖ салдарынан зардап шеккен төрт адам ауруханаға жеткізілген болатын.

    Қарағандыдағы жарылыстан кейін екі адам қайтыс болды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.