jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айтолқын Адырбай
    Айтолқын Адырбай
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    Талдықорғанда пропан тиелген вагондар рельстен шығып кетті: ТЖД қалалықтарға үндеу жасады (видео)

    Цистерна вагондар
    Цистерна вагондар. Көрнекі фото: pixabay.com

    Кеше, 31 қаңтарда Талдықорғандағы Абылай хан көшесінің маңындағы темір жол участогында темір жол цистерналары рельстен шығып кетті, деп хабарлайды өңірлік ТЖД-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Оқиға орнына тез арада жедел қызметтер жіберіліп, оперативті штаб құрылған.

    "Қазіргі таңда жағдай толығымен бақылауда, газдың шығуы анықталған жоқ. Зардап шеккендер жоқ", - делінген ведомство хабарламасында.

    Ал бүгін ведомство қажетті апаттық-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу, оның ішінде газды қауіпсіз шығару бойынша шаралар жасау үшін арнайы техника жұмылдырмақ.

    Қауіпсіздікті сақтау мақсатында Абылай хан көшесінің участогы уақытша жабық.

    "Қала тұрғындарын тыныштық пен қауіпсіздік шараларын сақтауға және жедел қызметтердің нұсқауларын орындауға шақырамыз", - деді ТЖД өкілдері.

    Талдықорғанда пропан тиелген вагондар рельстен шығып кетті: ТЖД қалалықтарға үндеу жасады (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.