jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айтолқын Адырбай
    Айтолқын Адырбай
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    Жоба құны 38 миллиард теңге: Павлодарда салынып жатқан көпір өртенді (видео)

    Өртеніп жатқан көпір
    Өртеніп жатқан көпір. Скриншот видеодан: instagram.com/112pavlodar

    Кеше, 31 қаңтарда Павлодарда салынып жатқан Ертіс өзені арқылы өтетін көпір өртке оранды. Өрт ошағы жерден 30 метр биіктікте орналасқанына қарамастан өрт сөндірушілері тілсіз жауды сөндірді, деп жазады ТЖМ Telegram-арнасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Кеше кешке Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаментінің "101" пультіне салынып жатқан көпір аумағында өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түскен. Оқиға орнына ТЖД-ның өрт сөндіру бөлімшелері жедел түрде жіберілген.

    "Өрт сөндірушілер келген сәтте жылу оқшаулағыш материалдар мен ағаш конструкцияларының жанғаны анықталды. Өрттің ошағы жер деңгейінен шамамен 30 метр биіктікте орналасқан. Алайда күрделі жағдайға қарамастан, өрт сөндірушілердің жедел әрі үйлесімді әрекеттерінің арқасында өрт қысқа уақыт ішінде толықтай сөндірілді", - делінген хабарламада.

    Абырой болғанда, өрт көпірдің барлық құрылымына таралған жоқ және зардап шеккендер де жоқ. Қазіргі таңда өрттің неден шыққаны анықталып жатыр.

    Айта кету керек, бірнеше жыл бұрын Павлодарда 1962 жылы салынған автомобиль көпір апаттық жағдайда тұрғандықтан, оның орнына жаңа көпір салу шешімі қабылданған болатын. Бастапқыда жоба құны 38 миллиард теңге болады деп бағаланған. Ал 2024 жылы көпір бірінші санатқа жатқызылғаны хабарланған. Бұл мұндай нысан елде жоқ екенін білдіреді. Құрылыс басында тек тәжірибелі мамандар, өзге өңірлерден тартылған өз ісінің кәсібилері жұмыс істеп жатқаны айтылған.

    Жоба құны 38 миллиард теңге: Павлодарда салынып жатқан көпір өртенді (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.