Оңтүстік Кореядағы зауытта болған өрттен кейін Қазақстанның бір азаматы жоғалып кетті
Опубликовано:
Читать на русском
Оңтүстік Кореяның Мэндон-мен қаласындағы зауытта өрт шықты. Оқиға салдарынан екі адам, оның ішінде Қазақстан азаматы із-түзсіз жоғалып кетті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстан Сыртқы істер министрлігі 30 қаңтарда Корея Республикасындағы тамақ пен сусындар шығаратын зауытта болған өрт кезінде Қазақстан азаматының жоғалып кеткенін хабарлады.
"Өрттен кейін 81 қызметкер дереу эвакуацияланды, бірақ екі жұмысшының, оның ішінде Қазақстан азаматының қайда екені белгісіз", - деп түсіндірді ведомство өкілдері.
Полиция мен өрттен сақтау қызметкерлерінің мәліметінше, 31 қаңтар таңертең өртеніп кеткен цехтің ішінен жеке басы анықталмаған адамның денесі табылған. Полиция оның кім екенін анықтау үшін Ұлттық ғылыми зерттеулер институтына жүгінген.
"Қазақстан елшілігі полиция және өрт сөндіру қызметімен, сондай-ақ жоғалған қазақстандық азаматтың туыстарымен байланыста және мәселені бақылауда ұстап отыр", - деп түйіндеді Қазақстан СІМ өкілдері.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/emergency/2338221-ongtustik-koreiadagy-zauytta-bolgan-ortten-keiin-qazaqstannyng-bir-azamaty-zhogalyp-ketti/