Жамбыл облысында аз уақыт ішінде қос зауытта оқыс оқиға тіркелді: екі жұмысшы көз жұмған
Опубликовано:
Жамбыл облысындағы екі ірі зауытта аз уақыт ішінде оқыс оқиға салдарынан екі жұмысшы көз жұмды, деп хабарлайды КТК.
Телеарнаның хабарлауынша, Жаңа Жамбыл фосфор зауыты "Қазфосфат" зауытында болған оқыс оқиғалар тергеп-тексерілуде.
Бірінші оқиға өткен бейсенбіде Жаңа Жамбыл фосфор зауытында болған. Пештен химиялық қорытпа атқылап, үш жұмысшы зардап шеккен. 31 жастағы азаматтың тыныс алу жолдары мен денесінің жартысын күйік шалған. Ол жансақтау бөліміне жеткізілгенімен, бірнеше күннен кейін көз жұмды.
Зардап шеккен тағы екі адамның жағдайы қалыпты. Дәрігерлер олардың өміріне қауіп жоқ деп отыр.
Телеарна тілшісінің мәліметінше, тағы бір қайғылы оқиға "Қазфосфат" зауытында болған. Онда осы серіктестікке қызмет көрсететін компанияның жұмысшысын алып техника басып кеткен. Ауыр жарақаттан жүк көлігінің жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды.
Қазір мемлекеттік еңбек инспекциясы жанынан арнайы комиссия құрылып, екі жағдайды да тексеріп жатыр.
"Комиссия мүшелері анықталды. Соған сәйкес тергеп-тексеру жүргізіліп, екі жағдай бойынша да тексеру біткен соң, тиісті органдарға беріледі", - деді Жамбыл облысы еңбек инспекциясы департаментінің бөлім басшысы Бекжан Әбді.
Дереккөз: КТК
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/emergency/2338809-zhambyl-oblysynda-az-uaqyt-ishinde-qos-zauytta-oqys-oqiga-tirkeldi-eki-zhumysshy-koz-zhumgan/