jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Айтолқын Адырбай
    Айтолқын Адырбай
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    "Әскерилер жол апатына түсті": Қорғаныс министрлігі желіде тараған ақпаратқа қатысты түсініктеме берді

    Желіде тараған жол апатының видеосы
    Желіде тараған жол апатының видеосы. Кадр видеодан: instagram.com/100baksoff_almaty

    Қазақстанның Қорғаныс министрлігі "әскерилердің жол апатына түскені" туралы желіде тараған ақпаратқа қатысты пікір білдірді. Ведомствоның мәліметінше, бұл ақпарат шындыққа жанаспайды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Жол апатының кадрлары бейнеленген видео Instagram-дағы 100baksoff_almaty паблигінде жарияланған.

    "Ақтөбе-Орал трассасының бойында әскери техника мен азаматтық автокөлік жол апатына түсті.

    Алдын ала мәлімет бойынша, екі көліктің соғылуы салдарынан өрт шыққан. Оқиға орнында жедел қызмет қызметкерлері жұмыс істеп жатыр. Зардап шеккендер мен апат туралы ақпарат нақтыланып жатыр", - делінген хабарламада.

    Ескерту! Видеода бейәдеп сөздер кездеседі. 18 жастан кіші тұлғаларға көруге кеңес бермейміз.

    Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі желіде тарап жатқан бұл видеоматериалдың ҚР Қарулы күштеріне еш қатысы жоқ екенін мәлімдеді.

    "Тексерілмеген және шындыққа жанаспайтын мәліметтерді таратудан сақ болуды және тек қана ресми ақпарат көздеріне ғана сенуге шақырамыз", - деді ведомство өкілдері.

    "Әскерилер жол апатына түсті": Қорғаныс министрлігі желіде тараған ақпаратқа қатысты түсініктеме берді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.