jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Жамбыл облысында қатты жел: бірқатар нысанға зақым келді, әкімдік тұрғындардан үйден шықпауды сұрады (видео)

    Жаңатас қаласы
    Жаңатас қаласы. Видеодан кадр: instagram.com/taraz_life

    Жамбыл облысында қатты жел салдарынан бірқатар нысанға зақым келді. Аудан әкімдігі тұрғындардан аса қажеттілік болмаса, далаға шықпауды және көшеде абайлап жүруді сұрайды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Жамбыл облысы әкімдігінің мәліметінше, 6 ақпанда Сарысу ауданы Жаңатас қаласында екпіні 32 м/с-қа дейін жеткен қатты жел салдарынан бірқатар нысанға зақым келген.

    Атап айтқанда:

    • 1-шағын аудандағы №32, 33, 34, 35 тұрғын үйлердің;
    • 3-шағын аудандағы №6 тұрғын үйдің;
    • 4-шағын аудандағы №15 және №15 "а" тұрғын үйлердің шатырлары жартылай ұшқан.

    Сонымен қатар Бейбітшілік көшесінде орналасқан ту тұғыры құлап, аудан аумағында электр жарығы уақытша сөнген.

    "Қазіргі уақытта зардап шеккен азаматтар туралы ақпарат тіркелген жоқ. Оқиғаға байланысты аудан әкімдігінде жедел штаб құрылып, зерделеу және қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

    Қоғамдық-саяси ахуал тұрақты. Жағдай облыс әкімінің жеке бақылауында", - делінген хабарламада.

    Сондай-ақ Сарысу ауданының әкімдігі Жаңатас қаласының тұрғындарына үндеу жасады.

    "6 ақпанда қатты жел соғуына байланысты, қаладағы кейбір тұрғын үйлердің шатырлары ұшуда.

    Қауіпсіздікті сақтау мақсатында сіздерден аса қажеттілік болмаса, далаға шықпауларыңызды және көшеде абайлап жүрулеріңізді сұраймыз!" - делінген хабарламада.

    Қаладағы ауа райының қолайсыздығына байланысты бірінші ауысымда оқитын оқушылар онлайн оқуға көшкен.

    Жамбыл облысында қатты жел: бірқатар нысанға зақым келді, әкімдік тұрғындардан үйден шықпауды сұрады (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.