jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Желдің екпіні 32 м/с-қа дейін жеткен: Жамбыл облысындағы қалада төтенше жағдай жарияланды (видео)

    Жаңатас қаласы
    Жаңатас қаласы. Видеодан кадр: instagram.com/sarysu.akimat

    6 ақпанда Жамбыл облысы Сарысу ауданы Жаңатас қаласында қатты жел салдарынан бірқатар нысанға зақым келген еді. Қазіргі уақытта қалада аудандық деңгейде төтенше жағдай жарияланып, қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл туралы облыс әкімі Ербол Қарашөкеев мәлімдеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Өңір әкімі Жаңатасқа арнайы барып, жағдаймен танысқан.

    "Апат айтып келмейді. Бүгін қатты жел салдарынан Сарысу ауданы Жаңатас қаласындағы бірқатар көпқабатты тұрғын үйдің шатыры ұшып, электр желілері бүлінді. Осыған орай Жаңатасқа арнайы барып, жағдаймен таныстым", - деп жазды Ербол Қарашөкеев Instagram-дағы парақшасында.

    Облыс басшысының мәліметінше, қатты жел салдарынан үш үйдің шатыры толық, жеті үйдің шатыры жартылай, сондай-ақ жеті кәсіпкерлік нысанының шатыры бүлінген.

    Шамамен екі шақырым электр тоғы үзілген. Зардап шеккендер жоқ. Коммуналдық желілер штаттық режимде жұмыс істеп тұр, әлеуметтік нысандарға зақым келмеген.

    "Аудандық деңгейде төтенше жағдай жарияланды. Зерделеу жалғасуда. Апат салдарын жоюға тиісті қаржы қарастырылады. Қажетті көмектің барлығы көрсетіледі.

    Аудан әкімдігі мен төтенше жағдай департаменті, жауапты басқармаларға қалпына келтіру жұмыстарына жедел кірісуді тапсырдым. Жұмыс бүгіннен басталады. Жағдай жеке бақылауымда", - деді Жамбыл облысының әкімі.

    Сарысу ауданы әкімдігінің мәліметінше, қаладағы бүлінген нысандар мен көпқабатты тұрғын үйлерді қалпына келтіру жұмыстары басталып кеткен. Алдымен көпқабатты үйлердегі сынған терезелер қайта салынып жатыр. Сондай-ақ үйлердегі шатырлар мен нысандарды қайта жөндеу қолға алынған.

    Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Жамбыл облысына қарасты Жаңатас қаласында екпіні 32 м/с-қа дейін жеткен қатты жел тұрып, салдарынан бірқатар нысан бүлінгенін жазған едік.

    Желдің екпіні 32 м/с-қа дейін жеткен: Жамбыл облысындағы қалада төтенше жағдай жарияланды (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.