jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айтолқын Адырбай
    Айтолқын Адырбай
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    "Үш бала пәтер ішінде қалған": Алатауда тұрғын үйден өрт шығып, 20 бала құтқарылды

    20 баланы құтқарған әскерилер
    20 баланы құтқарған әскерилер. Фото: t.me/qr_iim_uu

    Ұлттық ұлан әскери қызметшілері Алатау қаласы Заречный шағынауданындағы өрт кезінде тұрғындарды эвакуациялады. Бұл туралы Ұлттық ұлан гвардияның баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    2026 жылғы 5 ақпанда сағат 20:30 шамасында Алатау қаласының Заречный шағынауданында, №20 көпқабатты тұрғын үйдің екінші қабатындағы пәтерде өрт шықты.

    Осы уақытта Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының 3660 әскери бөлімінің әскери қызметшілері – аға лейтенант Ербол Арыстанов, сержант Бауыржан Жайдарин және ефрейтор Нұржан Бекболатов қызметтен кейін үйлеріне қайтып бара жатқан. Олар пәтерден қою түтін шығып жатқанын байқап, дереу 101 және 103 қызметтеріне хабар берген, содан кейін тұрғындарды эвакуациялауға кіріскен.

    Әскери қызметшілер жедел әрекет етіп, подъезден шамамен 20 баланы, бірнеше әйелді, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі азаматтарды қауіпсіз жерге шығарған. Әсіресе бесінші қабаттағы жағдай ерекше қауіпті болды. Онда сыртынан құлыпталып қалған пәтерде үш кәмелетке толмаған бала болған. Қатты түтін мен көмірқышқыл газынан улану қаупіне қарамастан, әскери қызметшілер жоғарғы қабатқа көтеріліп, таза ауаның келуін қамтамасыз етіп, есікті бұзып, балаларды аман алып шықты.

    "Екінші қабаттағы пәтердің терезесінен жалын мен қою қара түтін шыққанын көріп, ең алдымен тұрғындарға көмектесуге тырыстық. Олардың арасында кішкентай балалар мен қарт адамдар көп болды. Подъезд қатты түтінге толып, тыныс алу мен бағдар алу қиынға соқты, сондықтан олар өздігінен ғимараттан шыға алмады", - деді аға лейтенант Ербол Арыстанов.

    Оқиға орнына келген өрт сөндіру қызметінің қызметкерлері өртті сөндіруге дереу кірісті. Облыстық ТЖД өрт сөндірушілерінің күшімен өрт толықтай ауыздықталды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

    Ұлттық ұлан әскери қызметшілерінің жедел әрі батыл әрекеттерінің арқасында көптеген адамдардың өмірі сақталып қалды. Олардың кәсіби дайындығы мен азаматтық жауапкершілігі Ұлттық ұланға тән жоғары рух пен ерліктің айқын үлгісі болып табылады.

    "Үш бала пәтер ішінде қалған": Алатауда тұрғын үйден өрт шығып, 20 бала құтқарылды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.