jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айтолқын Адырбай
    Айтолқын Адырбай
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    Алматы облысында тау баурайындағы коттедж қалашығында топырақ опырылып түсті (видео)

    Бесағаштағы үй
    Бесағаштағы үй. Фото: instagram.com/112kzalmatyobl_tjd

    Алматы облысы Талғар ауданы Бесағаш ауылындағы коттедж қалашығында тау баурайынан топырақ массасы опырылып, салдарынан жеке тұрғын үй аумағында тұрған автокөлік пен қалқаға зақым келген, деп хабарлайды облыстық ТЖД-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    7-8 ақпан аралығында қар түріндегі жауын-шашынмен қатар жүрген тұрақсыз ауа райы салдарынан топырақ шамадан тыс ылғалданып, тау баурайынан топырақ массасы өздігінен сырғыған.

    "Жеке тұрғын үй аумағындағы қалқа пен жеңіл автокөлік зақымданды. Тұрғын үйлерге және олардың көтергіш конструкцияларына зақым келген жоқ.

    Зардап шеккендер мен адам шығыны жоқ. Жағдай Алматы облысының төтенше жағдайлар департаментінің бақылауында", - делінген ТЖД хабарламасында.

    ТЖД дерегіне сай, қазіргі таңда оқиға орнында облыстық департамент басшылығы мен жедел қызметтер жұмыс істеуде. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және аумақты жарықтандыру үшін жарық мұнарасы орнатылған.

    "Жақын маңдағы үйлердің тұрғындарымен қауіпсіздік шараларын сақтау және ықтимал қайталанатын табиғи құбылыстар кезінде әрекет ету бойынша профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

    Салдарын жою жұмыстарына Алматы облысының төтенше жағдайлар департаментінің, жергілікті атқарушы органдардың, полиция департаментінің және ҚР ТЖМ "Қазселденқорғау" қызметінің шамамен 20 жеке құрамы мен 9 бірлік техникасы жұмылдырылды", - деді ведомство өкілдері.

    Алматы облысында тау баурайындағы коттедж қалашығында топырақ опырылып түсті (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.