Қонаевта қатты жел салдарынан үйлердің шатыры ұшып, ағаштар құлады (фото, видео)
Опубликовано:
8 ақпаннан 9-на қараған түні Қонаевта қатты дауыл тұрды. Жел тұрғын үйлердің шатырын ұшырып, ағаштарды құлатқан. Осыған байланысты қалада штаб құрылып, түннен бері коммуналдық қызмет көрсетуші компаниялар күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ қала әкімдігіне сілтеме жасап.
Қала әкімдігінің хабарлауынша, инженерлік желілер істен шыққан, тұрғын үйлердің шатыры ұшып, жеңіл конструкцияларға зақым келді.
"Түнде құлаған ағаштар мен жеңіл конструкциялардан тазарту жұмыстары жүргізілді, бұл қызмет әлі де жалғасып жатыр.
Сондай-ақ бірқатар шағынаудандарда жарық өшті, ол қалпына келтіріліп жатыр", - делінген хабарламада.
Одан бөлек 1-11-сынып оқушылары түгелдей қашықтан оқуға көшірілді.
Қала әкімі Асхат Бердіханов ТҮКШ бөлімінің мамандарымен жиын өткізіп, боранның салдарын жою бойынша тапсырма берді. Зардап шеккен адамдар болса, заң аясында көмек көрсетіледі.
Әкімдік өкілдері тұрғындардан қауіпсіздік шараларын сақтауды сұрайды.
"Үйлердің шатырына жақын жүрмеңіздер. Қазгидрометтің мәліметінше, боран бүгін түске дейін соғуы мүмкін.
Барлық жағдайлар бойынша 109 қызметіне хабарласуды сұраймыз", - деді олар.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/emergency/2341182-qonaevta-qatty-zhel-saldarynan-uilerding-shatyry-ushyp-agashtar-qulady-foto-video/