jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    ШҚО-да балаларды өрттен құтқарып қалған ауыл мұғалімі марапатталды

    Рулан Сейітов пен Фархат Әміре
    Рулан Сейітов пен Фархат Әміре. Фото: ШҚО ТЖД

    ШҚО-да орта мектептің мұғалімі көршісінің балаларын өрттен құтқарып қалған, деп хабарлайды өңірлік ТЖД-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Ведомствоның мәліметінше, оқиға 18 қаңтарда Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданына қарасты Соловьёво ауылында болған.

    Өз үйінің ауласында шаруашылық жұмыстарымен айналысып жүрген Рулан Сейітов Копылов көшесіндегі көрші үйдің шатырынан түтін шығып жатқанын байқап, бірден көмекке ұмтылған.

    Үйдің кіреберіс есігін ашуға тырысқанымен, қою түтін басқан үйге кіру мүмкін болмаған. Осыдан кейін ол үйді айналып өтіп, екінші жағынан сынған терезені көреді. Терезе маңында көмек сұрап тұрған екі баланы байқап, оларды түтінге толы үйден терезе арқылы сыртқа, таза ауаға алып шыққан.

    Даладағы ауа температурасының төмен болуына байланысты балаларды өз үйіне, жылы жерге апарып, қамқорлық көрсеткен.

    Балаларды құтқарып қалған Рулан Сейітовтің бұл ерлігі елеусіз қалмай, ол Қазақстан Республикасы төтенше жағдайлар министрінің бұйрығымен "Өртте көрсеткен қайсарлығы үшін" медалімен марапатталды.

    Медальды оған Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының міндетін атқарушы Фархат Әміре табыстады.

    Айта кетейік, ерлік көрсеткен Рулан Сейітов Соловьёво орта мектебінде мұғалім болып жұмыс істейді.

    ШҚО-да балаларды өрттен құтқарып қалған ауыл мұғалімі марапатталды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.