jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    "Қытай тілін білетін өрт сөндіруші көмегін тигізді": Астанада LRT аялдамасы павильонында өрт шықты (фото, видео)

    Өрт сөндірушілер
    Өрт сөндірушілер. Кадр: ТЖМ

    Астанада өрт сөндірушілер аялдама павильонында болған өртті сөндірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ, Қазақстан Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

    Министрлік мәліметінше, Астана қаласының 112 пультіне Сарайшық ауданындағы Нұрмағамбетов көшесінде орналасқан қоғамдық көлік аялдамасынан түтін шыққаны туралы хабарлама түскен.

    "Оқиға орнына жеткен бойда, салынып жатқан нысан аумағындағы аялдама павильонының жертөлесінен түтін шыққаны анықталды. Электр қалқанындағы электр кабельдері мен құрылыс қоқысы жалпы көлемі 10 шаршы метр аумақта өртенген.

    Өрт сөндірушілер жедел түрде өртті сөндіріп, оттың көрші бөлмелерге таралуына жол бермеді. Зардап шеккендер жоқ. Өрт шығуының себебі анықталып жатыр", - делінген министрлік хабарламасында.

    Сондай-ақ, министрлік мәліметінше, қытай тілін білу елордалық өрт сөндірушілерге жағдайды жедел бағалауға көмектесті.

    №23 өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндіруші-құтқарушысы Бейбіт Қыран нысан қызметкерлерімен тілдесіп, ғимарат ішіндегі жағдайды нақтылап, адамдарды қауіпсіз аймаққа бағыттады.

    Бейбіт Қыран
    Бейбіт Қыран. Фото: ТЖМ

    Қыранның айтуынша, ол 2017 жылы күншығыс елінен Астанаға арман қуып келген. Осында отбасын құрып, бүгінде өрт сөндіруші болып абыройлы қызмет атқарып келеді.

    "Қытай тілінде еркін сөйлеуі төтенше жағдай кезінде нақты әрі түсінікті байланыс орнатуға жол ашып, өрт сөндіру  және адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жұмыстарын жедел әрі үйлесімді жүргізуге ықпал етті", - делінген министрлік хабарламасында.

    "Қытай тілін білетін өрт сөндіруші көмегін тигізді": Астанада LRT аялдамасы павильонында өрт шықты (фото, видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.