jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Жетісу облысында азық-түлік дүкенінде жарылыс болып, үш адам зардап шекті

    Оқиға орны
    Оқиға орны. Видеодан кадр: facebook.com/112jetisytjd

    Жетісу облысында азық-түлік дүкенінде газ-ауа қоспасы жарылып, салдарынан үш адам зардап шекті, деп хабарлайды өңірлік ТЖД-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Жетісу облыстық ТЖД-ның Facebook-тегі парақшасында жарияланған мәліметке сүйенсек, 15 ақпанда 18:45 шамасында Ескелді ауданы, Қарабұлақ ауылында орналасқан "Малика" азық-түлік дүкенінде газ-ауа қоспасы жарылған. Өрт болмаған.

    Оқиға орнына Жетісу облысы ТЖД күштері мен құралдары жедел жеткен (жеке құрамнан 27 және 6 техника).

    Оқиға салдарынан сыртқы қабырға мен шатырдың бір бөлігі құлап, зақымдану аумағы шамамен 36 шаршы метрдей болған.

    Сондай-ақ үш адам зардап шеккен. Олар тексеруден кейін аудандық орталық ауруханаға жеткізілген. Зардап шеккендердің хәлі орташа ауыр, тұрақты деп бағаланып отыр.

    Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

    Жетісу облысында азық-түлік дүкенінде жарылыс болып, үш адам зардап шекті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.