Балқашта көпқабатты тұрғын үйдің кіреберісі опырылды (фото, видео)
Опубликовано:
Балқашта көпқабатты тұрғын үйдің бір бөлігі опырылып түсті. Қала әкімдігінің өкілдері төтенше жағдайдың мән-жайын айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Қала әкімдігінің мәліметінше, 19 ақпанда сағат шамамен 08:10-да Қараменде би көшесі, 10 мекенжайында орналасқан тұрғын үйдің бұрын апатты деп танылып, бұзуға жатқызылған, қазіргі уақытта пайдаланылмайтын (тұрғын емес) кіреберісінің бір бөлігі опырылып түскен.
Подъезде ешкім тұрмаған. Зардап шеккендер жоқ.
2025 жылы подъезд Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүргізілген техникалық қорытынды мен құрылыс сараптамасының негізінде апатты деп танылған.
5-подъездің тұрғындары алдын ала көшіріліп, пәтерлері тұруға жарамсыз деп танылғандықтан, заңда белгіленген тәртіппен тұрғын үйге мұқтаж азаматтар ретінде есепке қойылған.
Қазіргі уақытта ғимарат қоршауға алынып, кіруге шектеу қойылған, инженерлік коммуникациялар (электр, жылу, су жүйелері) белгіленген тәртіппен ажыратылған.
Сондай-ақ құрылыс және өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын сақтай отырып, 5-подъезді демонтаждау жұмыстары басталған.
"Демонтаж жұмыстары аяқталғаннан кейін қалған 4 подъездге қосымша техникалық тексеру және құрылыс сараптамасы жүргізіледі.
Алдағы уақытта қалған подъездер конструкцияларын күшейту бойынша жұмыстарды жүргізуге арналған жобалық-сметалық құжаттама белгіленген тәртіппен әзірленеді", - делінген хабарламада.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/emergency/2345340-balqashta-kopqabatty-turgyn-uiding-bir-boligi-opyrylyp-tusti-foto-video/