Атырау облысындағы полигондардың бірінде оқ жарақатынан әскери қызметкер қаза тапты
Опубликовано:
Атырау облысындағы полигондардың бірінде қайғылы жағдай болды. Сарбаздардың бірі жаттығу кезінде оқ жарақатын алып, қайтыс болды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Атырау гарнизоны баспасөз қызметінің мәліметінше, қайғылы оқиға бүгін, 12 наурызда болған. Өңірдегі әскери бөлімдердің бірінде өтіп жатқан жоспарлы далалық атыс жаттығулары кезінде сарбаз оқ жарақатын алған. Алдын ала дерек бойынша бұл жай қаруды ұқыпсыз пайдалану салдарынан болған.
"Әскери қызметкер шұғыл медициналық мекемеге жеткізіліп, онда оған қажетті медициналық көмек көрсетілді. Дәрігерлердің әрекеттеріне қарамастан, оның өмірін сақтап қалу мүмкін болмаған.
Қазақстан Республикасы Қарулы күштер қолбасшылығы қайтыс болған әскери қызметкердің отбасы мен жақындарына қайғыра көңіл айтады. Оның отбасына қолданыстағы заңнама бойынша қажетті көмек пен қолдау көрсетіледі", - делінген ресми хабарламада.
Бұл дерек бойынша ІІМ әскери-тергеу басқармасы қылмыстық іс қозғады. Оқиғаның барлық мән-жайы мен себебін анықтау үшін сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.
Қорғаныс министрінің тапсырмасы бойынша жан-жақты әрі әділ тексеріс жасау үшін оқиға орнына қорғаныс министрінің орынбасары бастаған арнайы комиссия жіберілді.
Тергеу барысы ҚР Бас әскери прокуратураның бақылауында.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/emergency/2353230-atyrau-oblysyndagy-poligondardyng-birinde-oq-zharaqatynan-sarbaz-qaza-tapty/