jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Атырау облысында ірі жол апатынан үш адам көз жұмып, 15 жолаушы зардап шеккен

    : Instagram

    26 ақпанда Атырау-Орал тас жолында ірі жол-көлік апаты болып, салдарынан үш адам қаза тапқан деп хабарлайды Ақжайық басылымы.

    Көрнекі фото: eadaily.com
    Көрнекі фото: eadaily.com: Depositphotos

    Басылымының жазуынша, 14.24-те ТЖД пультіне Атырау-Орал трассасында ірі жол-көлік апаты туралы хабарлама түскен.

    Алдын ала мәліметтер бойынша, Оралдан Атырауға келе жатқан DAEWOO маршруттық автобусы Volvo маркалы жүк көлігімен соқтығысқан. Салдарынан автобустың үш жолаушысы (екі әйел мен ер адам) қаза болған.

    Қазақпараттың Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап хабарлауынша, жол апатынан тағы 15 адам зардап шеккен. Олар Атырау облысының медициналық мекемелеріне жеткізілген.

    Ақжайық басылымының мәліметінше, автобуста барлығы 43 жолаушы, соның ішінде Атырауға спорттық турнирге бара жатқан 15 бала болған.

    Өңірлік коммуникациялар қызметіні мәліметінше, олар үшін ыстық тағам ұйымдастырылып, әрі қарай жеткізу үшін көлік әзірленген. Жолаушылар мен олардың жағдайы туралы қажет ақпарат алу үшін тәулік бойына 98 02 92, 8778 0072021 нөмірлері бойынша Call-центр жұмыс істейді.

    Қазіргі таңда оқиғаға қатысты ҚР ҚК-нің 345-бабының 4-тармағы (Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың абайсызда адам өліміне әкеп соққан жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы) бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталған. 

    Атырау облысында ірі жол апатынан үш адам көз жұмып, 15 жолаушы зардап шеккен

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.