jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Азамат Қабетов
    Азамат Қабетов
    Бұрынғы қызметкер

    Павлодарда автобус билбордқа соғылды: зардап шеккендер арасында балалар бар (фото)

    Оқиға орны
    Фото: NUR.KZ

    Бүгін таңертең Павлодар қаласының орталығында жол апаты болды. Автобус жүргізушісі көлікті басқара алмай, қарсы жолаққа шығып кеткен. Содан соң жиектастарды бұзып, жарық бағаны мен ақпараттық белгілерді қағып, жарнама тақтасына соғылған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Жол-көлік апаты бүгін Павлодар қаласының Торайғыров көшесінде болды.

    Жедел жәрдем станциясына таңғы 7.40-та қоңырау түскен. Денсаулық сақтау басқармасы бұл жерге дәрігерлердің үш тобы барғанын айтты.

    Оқиға орны
    Фото: NUR.KZ
    "Жол-көлік оқиғасы салдарынан 8 адам зардап шекті, оның ішінде екі бала бар – 6 және 15 жаста. Ешқандай ауыр жарақат жоқ. Жарақат алған 7 адам ауруханаға жатқызылды, біреуі бас тартты", – деп хабарлады Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
    Оқиға орны
    Фото: NUR.KZ

    Облыстық полиция департаменті автобусты 44 жастағы жүргізуші басқарғанын хабарлады. Куәландыру деректеріне сәйкес, жүргізуші мас күйде болмаған.

    "Мен 152-автобусқа отырып, осы жерде түстім, тағы бір автобустың тіке бағытта жоғары жылдамдықта келе жатқанын көрдім, өте қорқынышты болды. Бағанаға соғылды. Ондағы адамдар бірден ытқып шыға бастады. Жолаушылардың бірі жүргізуші өзін жаман сезінгенін айтты, себебі көлік жүргізіп келе жатып, аяқ астынан құлаған, сондықтан автобус оныншалықты бақылаусыз жүрді", – деді жол-көлік оқиғасы болған жердегі куәгерлердің бірі.

    Полицияның мәлімдеуінше, қазіргі уақытта тексеру мен сараптама тағайындалған.

    Оқиға орны
    Фото: NUR.KZ

    Еске салсақ, 13 мамырда Алматыда жантүршігерлік жол апаты болғаны туралы жазған едік. Соққыдан кейін көлік бірнеше жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Үш адам жарақат алды.

    Павлодарда автобус билбордқа соғылды: зардап шеккендер арасында балалар бар (фото)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.