jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Сәке Қанатұлы
    Сәке Қанатұлы
    Бұрынғы қызметкер

    "Жамбыл облысында жол апатынан 14 оқушы көз жұмды": Полиция желіде тараған видеоға пікір білдірді

    мәйіт
    Көрнекі фото: van-horn.net

    Әлеуметтік желіде Жамбыл облысында болған жол апатының видеосы тарап, көпшіліктің талқысына түсті. Онда 14 оқушының көз жұмғаны туралы айтылған. Алайда өңірдің полиция департаменті бұл ақпаратты жоққа шығарды деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

    "Айшабибіде "маевкадан" қайтып келе жатқан 14 оқушы қайтыс болыпты. Ата-аналар чатына салыңыздар! Балалар ата-ана жанында болсын", - делінген видеоның сипаттамасында.

    Бұл жағдайға қатысты Жамбыл облыстық полиция департаменті пікір білдірді. Ведомство мәліметінше, жол апаты 24 мамырда Айша Бибі ауылының тас жолында болған.

    "Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері Таразға қарай келе жатқан Mitsubishi Pajero көлігі BMW-мен соқтығысқанын анықтады. Жол апатынан BMW көлігінің 19 жастағы жүргізуші мен оның жолаушысы оқиға орнында көз жұмды", - деді құқық қорғау саласының қызметкерлері.

    Одан бөлек, 6 адам түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілген.

    Қазіргі уақытта Қылмыстық кодекстің 345-бабы, 3-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталған.

    "Жамбыл облысында жол апатынан 14 оқушы көз жұмды": Полиция желіде тараған видеоға пікір білдірді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.