Астанада жүк көлігінің қатысуымен жаппай жол апаты болды (видео)
Жарияланған күні:

Астанада жаппай жол көлік оқиғасы тіркелді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.
Жол апатына қатысты кадрдар Instagram желісіндегі astana_sergek тобында жарияланды.
Кадрдан бірнеше көліктің қатысуымен жол апаты болғанын аңғару қиын емес.
Бұл жағдайға қатысты Астана қалалық полиция департаменті пікір білдіріп, оқиғаның 14 мамырда болғанын жеткізді.
Ведомствоның мәліметінше, HINO жүк көлігінің жүргізушісі Тұран даңғылымен келе жатып, рөлге ие бола алмай, Toyota Camry көлігімен соқтығысқан, ол соққыдан Volkswagen Passat және Toyota Hilux жол талғамайтын көлігіне зақым келген.
Барлық көліктің бір бағытта болғаны анықталды.
Жүк көлігінің жүргізушісіне қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 610-бабы бойынша іс қозғалған.
Апат салдарынан зардап шеккендер жоқ.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/road-accident/2021189-astanada-zuk-koliginin-qatysuymen-zappai-zol-apaty-boldy-video/
Жарияланымға реакцияңыз?
Мұнда әзірге ешкім пікір қалдырмады Тағы да оқыңыздар
Талқылауға қатысу немесе пікірлерге реакция қалдыру үшін профиліңізге кіріңіз.