jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Сәке Қанатұлы
    Сәке Қанатұлы
    Бұрынғы қызметкер

    БАҚ: Түркияда қазақстандық туристер мінген автобус апатқа ұшырап, салдарынан бірнеше адам қаза тапты

    жол көлік оқиғасы
    Оқиға орнынан кадр: ntv.com

    БАҚ беттерінде Түркияда қазақстандық туристер мінген автобус апатқа ұшырады деген ақпарат тарады. Хабарламада жол-көлік оқиғасы салдарынан қаза тапқан адамдар бар екені айтылған.

    Жол-көлік оқиғасы туралы ақпаратты жергілікті NTV басылымы таратты.

    Онда Алания аумағында туристер мінген шағын автобус пен жүк көлігінің соқтығысқаны жазылған.

    Жол апаты салдарынан 12 адам жарақат алып, гид пен жүргізуші қаза тапқан.

    Бұған қатысты Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі пікір білдіріп, шағын автобуста Қазақстан азаматтары болғанын растады.

    "Бүгін таңертең Алания тасжолында микроавтобус пен жүк көлігі соқтығысып, жол-көлік апаты болды. Зардап шеккендер бар. Алдын ала алынған мәліметке сәйкес, автобуста Қазақстан азаматтары болған. Оқиғаның барлық мән-жайы мен біздің азаматтарымыздың жағдайын анықтау үшін Қазақстан Республикасының консулы аталған өңірге шұғыл түрде жолға шықты", - делінген хабарламада.

    БАҚ: Түркияда қазақстандық туристер мінген автобус апатқа ұшырап, салдарынан бірнеше адам қаза тапты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.