RU
Оқыс оқиға
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.

Зектілері

БҚО тасжолында төрт адам қаза тапты

Жарияланған күні:

Полиция көлігі
Полиция көлігі. Көрнекі фото: pixabay.com

22 маусым күні таңертең Батыс Қазақстан облысында оқыс оқиға болып, салдарынан төрт адам қаза тапты. Бұл туралы облыстық полиция департаменті хабарлады, деп жазады "Мой город".

Ведомствоның хабарлауынша, көліктер Самара – Шымкент тасжолының Қаратөбе ауданы Қоскөл ауылының маңында соқтығысқан.

Батыс Қазақстанның ПД мәліметінше, Lada Priora көлігінің 43 жастағы жүргізушісі қарсы жолға шығып кетіп, Mazda көлігімен соқтығысқан. Апат салдарынан жүргізуші мен екі жолаушы оқиға орнында көз жұмды. Тағы екі жолаушы ауыр жарақат алды.

Жол-көлік оқиғасы бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 4-бөлігіне сәйкес, автомобильдi, троллейбусты, трамвайды не басқа да механикалық көлiк құралын басқаратын адамның жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын абайсызда адамның денсаулығына ауырлығы орташа зиян келтiруге әкеп соққан бұзуы – белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан 2 жылға дейiнгi мерзiмге айыра отырып, 160 АЕК-ке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не 160 сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға не 40 тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады. 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/road-accident/2122392-bqo-taszholynda-tort-adam-qaza-tapty/

Жарияланымға реакцияңыз?

Мұнда әзірге ешкім пікір қалдырмады Тағы да оқыңыздар

Талқылауға қатысу немесе пікірлерге реакция қалдыру үшін профиліңізге кіріңіз.

jitsu gif