jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Ұлжан Ибраим
    Ұлжан Ибраим
    Бұрынғы қызметкер

    Алматыда жолаушылар автобусы көпірден "ұшып кетіп", көлікке құлады

    Автобус көпірден құлап кетті
    Автобус көпірден құлап кетті. Видеодан кадр: zakon.kz

    Бүгін түнде Алматыда жантүршігерлік жол апаты болды. Жолаушылар автобусы көпірден "ұшып кетіп", көлікке құлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Оқиға орнында түсірілген кадарлар әлеуметтік желіде пайда болды.

    "Куәгерлер жолаушылар автобусы Алматы облысындағы Қаскелең көпірінен құлағанын айтты",- делінген egovpress Telegram-дағы арнасындағы жазба астында.

    Жазба астында Алматы облысының полиция департаменті пікір қалдырған. Полицейлер қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

    "12 қыркүйекте Алматы-Бішкек тасжолының 25 километрінде келе жатқан Yutong Bus автобусының жүргізушісі бұрылу маневрін жасап, рульді басқара алмай, қоршауға соғылған. Одан кейін көпірден Mercedes Benz Sprinter көлігінің артқы бөлігіне құлаған.

    Жол апаты кезінде автобус жүргізуші ішімдік ішпеген, қаза тапқандар жоқ", - делінген хабарда.

    Жол апаты салдарынан автобус жүргізушісі түрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілген. Ал көліктер арнайы тұраққа қойылды.

    Алматыда жолаушылар автобусы көпірден "ұшып кетіп", көлікке құлады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.