jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айзат Ермекқызы
    Айзат Ермекқызы
    Бұрынғы қызметкер

    Алматыда мопедтен құлаған жасөспірімді экскаватор басып кетті

    Мопед жүргізушісін ұстау сәті
    Мопед. Видеодан кадр: youtube/@AlmatyPolisiasy

    24 қазанда таңертең Алматыда мопедтен жол бойына құлап кеткен жасөспірімді экскаватор басып қалды. Оқиға салдарынан 16 жастағы қазақстандық қаза тапты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Алматы полициясы өкілдері оқиғаның мән-жайын KAZ.NUR.KZ тілшісіне айтты. Қайғылы оқиға бүгін, 24 қазанда сағат 8.10-да Алатау ауданында болды.

    "Алғабас ықшамауданында Доспанова көшесімен солтүстік бағытта келе жатқан 15 жастағы жасөспірім сол бағыттағы көлікпен соқтығысқан. Салдарынан мопед аударылған. Кейін соқтығыс салдарынан жол жиегіне құлаған 16 жастағы мопед жолаушысы экскаваторға соғылған", - деп хабарлады Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

    Өкінішке қарай, жасөспірім алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды.

    Адам өліміне әкелген жол-көлік оқиғасы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

    Алматыда мопедтен құлаған жасөспірімді экскаватор басып кетті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.