jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Нұрила Ермекбай
    Нұрила Ермекбай
    Бұрынғы қызметкер

    Оралда белгілі кәсіпкер мен оның ағасы жол апатынан қаза тапты

    Владимир Охватов
    Владимир Охватов. Фото: mgorod.kz

    1 қарашада Батыс Қазақстандағы Орал – Озинки тас жолында жол апаты болды. Белгілі кәсіпкер Владимир Охватов пен оның ағасы жол апатынан қайтыс болды, деп хабарлайды "Мой город".

    Батыс Қазақстан полиция департаментінің мәліметінше, 1 қараша күні таңғы сағат сегізде Орал – Озинки тасжолының 95-ші шақырымында Достық ауылының маңында Toyota Granvia көлігінің жүргізушісі рульді басқара алмай қалған. Салдарынан көлік жол жиегіне ұшып кеткен.

    "Жол апаты салдарынан 58 жастағы жүргізуші мен 64 жастағы жолаушы оқиға орнында қаза тапты. Мәйіттер сот-медициналық сараптамаға жіберілді. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Мән-жай анықталып жатыр", - деп түсіндірді полиция.

    Белгілі болғандай, көлікте белгілі кәсіпкер Владимир Охватов ағасымен бірге болған.

    Владимир Охватовтың Оралда "Шале" деген клубы болды. 2017 жылдың қазан айында ол өртеніп кеткен. Өрт аумағы 800 шаршы метрді құрады.

    Өртке ЖШС бірінің қызметкері кінәлі деп танылып, сот ұйымнан 120 миллион теңге өндіру туралы шешім қабылдаған.

    Оралда белгілі кәсіпкер мен оның ағасы жол апатынан қаза тапты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.