jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Аида Тақабаева
    Аида Тақабаева
    Бұрынғы қызметкер

    Астанада алты көлік бір-біріне соқтығысты

    Жол белгісі
    Жол белгісі. Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

    Астанада BMW көлігінің жүргізушісі тізгінге ие бола алмай, жол апатын жасады – тағы 5 көлікке зақым келді. Бұл туралы мегаполистің полиция департаментіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Жол-көлік оқиғасы бүгін Астанадағы Сығанақ көшесінде болды.

    "Сығанақ көшесімен келе жатқан BMW көлігінің жүргізушісі Нәжімеденов көшесіне қарай бағыт алатын көпірде тізгінге ие бола алмай қалып, басқа бес көлікпен соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасынан зардап шеккендер жоқ", - делінген елордалық полиция департаментінің Telegram-дағы ресми арнасында жарияланған хабарламада.

    BMW жүргізушісіне қатысты материалдар Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына жіберілді.

    Еске салсақ, бұған дейін Астанада Сығанақ пен Тұран көшелерінің қиылысында жолаушылар мінген екі автобус бір-біріне соқтығысқанын жазған едік. Оқиға салдарынан екі адам зардап шекті, олардың бірі – кәмелетке толмаған бала.

    Астанада алты көлік бір-біріне соқтығысты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.