jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Ардақ Құлтай
    Ардақ Құлтай
    Бұрынғы қызметкер
    ҚТ
    Қаламқас Төре
    Бұрынғы қызметкер

    Алматыда кері бағытта келе жатқан жүк көлігі автобусқа соқтығысты (видео)

    Соқтығысқан көліктер
    Соқтығысқан көліктер. Фото: https://t.me/almatylive_kz

    Желіде Алматының Алатау ауданында КамАЗ бен автобустың қатысуымен болған жол-көлік оқиғасының видеосы пайда болды. Полиция қызметкерлері жазбаға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Видео Almaty Live Telegram-дағы арнасында пайда болды. Авторлар "Шаңырақ-2" шағын ауданында жүк көлігінің автобусқа соғылғанын жазған. Куәгерлер түсірген видеоларда жолда жүк көлігі мен автобустың келе жатқанын көруге болады.

    KAZ.NUR.KZ тілшісі түсініктеме алу үшін Алматы полициясына хабарласты. Жергілікті полиция қызметінің кезекші бөлімінің хабарлауынша, бұл жол-көлік оқиғасы бүгін сағат 17:00 шамасында болған.

    "Жүк көлігінің жүргізушісі Үшқоңыр көшесінің бойымен батыс бағытта артқа қарай жүріп бара жатып, Жанқожа батыр көшесімен солтүстікке қарай келе жатқан 45-ші бағыттағы қоғамдық көлікпен соқтығысқан", - делінген хабарламада.

    Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ.

    Алатау аудандық полиция басқармасының қызметкерлері жол-көлік оқиғасының мән-жайын анықтап жатыр.

    Алматыда кері бағытта келе жатқан жүк көлігі автобусқа соқтығысты (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.