jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ұлжан Ибраим
    Ұлжан Ибраим
    Бұрынғы қызметкер

    Ақмола облысында 95 көліктің қатысуымен болған жол апатынан 11 адам зардап шеккен (видео)

    Жедел жәрдем көліктері
    Жедел жәрдем көліктері. Видеодан кадр: instagram.com/aqmola_pd

    Ақмола облысында 95 көліктің қатысуымен болған жол апатынан 11 адам зардап шеккен. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ өңірлік ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

    Ақмола облыстық ПД Instagram-дағы мәліметіне сүйенсек, жаппай жол апаты салдарынан Бұланды аудандық ауруханасына түрлі жарақаттармен 11 адам жүгінген, олардың төртеуі ауруханаға жатқызылған.

    Қазіргі уақытта жол учаскесінде зардаптарды жою жұмыстары жалғасуда, жергілікті жерде полиция қызметкерлері, төтенше жағдайлар қызметі және "ҚазАвтоЖол" мамандары жұмыс істеп жатыр.

    Полицейлердің мәліметінше, елорда бағытында 400-ге жуық автокөліктен тұратын колоннаны алып жүру ұйымдастырылған.

    Айта кетейік, осыған дейін Астана маңындағы тасжолда 40-қа жуық көліктің соқтығысқаны белгілі болған еді. Көп ұзамай жаппай жол апатына түскен көліктер саны 95-ке жетті.

    Ақмола облысында 95 көліктің қатысуымен болған жол апатынан 11 адам зардап шеккен (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.