RU
Оқыс оқиға
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.

Зектілері

Сыртқы істер министрлігі "қазақстандық Таиландта жол апатынан қаза тапты" деген ақпаратты тексеріп жатыр

Жарияланған күні:

Читать на русском
оқиға орны
Оқиға орыны. Фото: t.me/novostiphuketa

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі өкілдері Таиландтың Пхукет аралында қазақстандық азаматтың қазасы туралы деректі тексеріп жатыр. Мұндай ақпарат желіде жарияланған болатын, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Пхукет жаңалықтары" газеті Telegram-дағы арнасында 1 сәуірде мотоцикл жүргізушісінің жол-көлік оқиғасынан қаза тапқанын, оның қазақстандық екенін хабарлады. Басылым марқұмның жеке басын анықтады деген Vachira Phuket ауруханасына сілтеме жасаған.

"Жол апаты сағат 00:45 шамасында болды, кеш болғанына қарамастан, оқиғаның жан түршігерлік мән-жайына байланысты ақпарат тез тарап кетті. Honda Forza мотоциклінің жүргізушісінің қатты жүргені сонша, ол көшедегі жарық бағанасына соғылғаннан денесі екіге бөлініп кетті", - деп жазды Facebook-те куәгерлер.

Таң ата Kusoldharm қорының құтқарушылары апат туралы қысқаша хабарлама жариялап, марқұмның Ресей азаматы болуы мүмкін екенін айтқан. Кейінгі жазабаларда марқұмның ұялы телефонының экранында орыс тіліндегі жазу бар екені айтылған", - деп жазады басылым.

Газеттің хабарлауынша, Vachira Phuket ауруханасы марқұмның жеке басы туралы ақпаратты растаған - ол Пхукетте тұрып, жұмыс істеген Қазақстан азаматы.

NUR.KZ тілшісі Қазақстанның Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне хабарласып, оқиға туралы ақпаратқа түсінік беруді сұрады. Министрлік өкілдері қазіргі уақытта мән-жайды анықтап, ақпаратты тексеріп жатқанын хабарлады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/road-accident/2232366-syrtqy-ister-ministrligi-qazaqstandyq-tailandta-zhol-apatynan-qaza-tapty-degen-aqparatty-tekserip-zhatyr/

Жарияланымға реакцияңыз?

Пікірлер жүктелуде

jitsu gif