RU
Оқыс оқиға
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.

Зектілері

"Мас болған": Алматыда мотоцикл жүргізушісі үш адамды қағып кетті

Жарияланған күні:

Оқиға орнына келіп жеткен жедел жәрдем көлігі
Жедел жәрдем көлігі. Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Алматыда мас мотоцикл жүргізушісі қаққан әйел ауыр халде ауруханада жатыр. Жол апаты түнгі бір жарымда болған. Жол жиегін жөндеп жатқан үш адамды мотоцикл жайпап өткен. Екі ер адам сол жерде қаза тапты, деп хабарлайды "КТК" арнасы.

23 жастағы мотоцикл жүргізушісі Рысқұлов даңғылымен келе жатып, Mercedes көлігімен соқтығысқан. Одан тоқтамай, жол үстінде тұрған үш жұмысшыны қағып кеткен. Жедел жәрдем келгенше, екі ер адам көз жұмды. Ал 47 жастағы әйел ауыр халде ауруханаға жеткізіліп, жансақтау бөлімінде жатыр. Дәрігерлер оның жағдайын "өте ауыр" деп бағалауда.

Ал қаза тапқан марқұмдардың бірі ауруханада жатқан әйелдің күйеуі екен. Полицейлердің айтуынша, 23 жастағы жігіт мотоциклді мас күйде жүргізген. Ол да ауруханада жатыр, полицейлер оның палатасын күзетіп отыр.

"Алматы полиция департаменті анықтау басқармасымен екі адамның өліміне әкеп соқтырған жол көлік оқиғасы дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады. Мотоцикл жүргізушісі мас күйде болған. Жарақат алған жүргізуші де ауруханада жатыр, полицияның күзетінде. Шыққан сәтте қамауға алынады. Қылмыстық іс аясында тиісті сараптамалық зерттеулер тағайындалды", - дейді Алматы ПД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Дереккөз: "КТК" арнасы

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/road-accident/2234543-mas-bolgan-almatyda-mototsikl-zhurgizushisi-ush-adamdy-qagyp-ketti/

Жарияланымға реакцияңыз?

Пікірлер жүктелуде

jitsu gif