jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Жамбыл облысында полиция қызметкері қызметтік міндетін орындау кезінде жол апатынан қаза тапты

    Нұржан Дунбаев
    Нұржан Дунбаев. Фото: instagram.com/sadenov_online

    23 сәуірде Жамбыл облысында екі полиция қызметкері жол апатына ұшырады. Оқиға салдарынан 44 жастағы полиция қызметкері қаза тауып, екінші қызметкер жарақат алды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Ішкі істер министрі Ержан Сәденов пен облыстық полиция департаменті өкілдері қаза болған офицердің отбасы мен жақындарына көңіл айтты.

    "Қызметтік міндеттерін атқару кезінде жол-көлік оқиғасы кезінде қаза тапқан Жамбыл облысы Полиция департаменті патрульдік полиция батальонының инспекторы, полиция аға лейтенанты Нұржан Дунбаевтың туыстары мен жақындарына көңіл айтамын. Оның есімі әріптестерінің жадында мәңгі қалады", - делінген министрдің Instagram желісіндегі жазбасында.

    Ішкі істер министрі оның отбасына қажетті қолдауды көрсететінін мәлім еткен.

    Ол экипаждың екінші қызметкері патрульдік полиция инспекторы Бекзат Сотаевтың тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді.

    Еске сала кетейік, 21 сәуірде Қарағандыда қалалық полиция басқармасы бастығының орынбасары Бекжан Құсайыновтың кенеттен қайтыс болғанын хабарлағанбыз.

    Жамбыл облысында полиция қызметкері қызметтік міндетін орындау кезінде жол апатынан қаза тапты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.