jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Шавкат Рахмоновтың әйелі зардап шеккен жол апатына қатысты тың дерек шықты

    жол апаты болған жер
    Жол апатына түскен көлік. Фото: instagram.com/jagdaikz

    Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Шавкат Рахмоновтың әйелі мен ұлы зардап шеккен және екі адамның өмірі қиылған жол апатына қатысты тың деректер белгілі болды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Жамбыл облыстық полиция департаменті өкілдерінің хабарлауынша, әйелден қорғалуға құқығы бар куә ретінде жауап алынған. Ол Алматыдағы ауруханада жатыр.

    "Жол-көлік оқиғасына қатысты тергеп-тексеру іс-шарасы аясында болған оқиғаның объективті көрінісін анықтауға бағытталған барлық қажетті процессуалдық әрекет жүргізіліп жатыр, тиісті сараптамалар тағайындалды", - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметіндегілер.

    Әйелге қатысты жүргізілген тергеу әрекеттерінің қорытындысы бойынша қолданыстағы заңнама аясында процессуалдық шешім қабылданады.

    Өзге мәліметті Жамбыл облыстық ПД Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесіне байланысты жария етпеді.

    Айта кетейік, бұған дейін дәрігерлер жол апатынан зардап шеккен Шавкат Рахмоновтың әйелі мен ұлының жағдайы туралы мәлімет бергенін хабарлағанбыз.

    Еске сала кетейік, 28 шілдеде желіде Жамбыл облысында болған жол апатының видеосы жарияланған еді. Жазбада "көлікті белгілі қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Шавкат Рахмоновтың әйелі жүргізді" деген ақпарат тарады. Полиция бұл ақпаратты ресми түрде растамады – олар көлікте болғандардың жеке деректерін жариялаған жоқ.

    Алайда адам өліміне әкеп соққан жол-көлік оқиғасы бойынша Қылмыстық кодекстің 345-бабы бойынша іс қозғалғаны белгілі. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

    Шавкат Рахмоновтың әйелі зардап шеккен жол апатына қатысты тың дерек шықты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.