jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Абай облысында балаларды қақты деген жүргізушіге қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды

    Тәртіп сақшысы
    Тәртіп сақшысы. Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

    Абай облысында үш бала көз жұмған жол-көлік оқиғасы бойынша полиция сотқа дейінгі тергеуді бастады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

    Алдын ала деректерге сәйкес, 19 тамызда сағат 16:00 шамасында Абай облысының Үржар ауданы Бестерек ауылында Toyota автокөлігінің 55 жастағы жүргізушісі рөлге ие бола алмай, үйдің қақпасы жанында тұрған балалар тобына соқтығысқан.

    Оқиға салдарынан екі кәмелетке толмаған бала оқиға орнында көз жұмды, біреуі ауруханаға бара жатқан жолда қайтыс болды. Тағы үшеуі түрлі жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді.

    "Жүргізуші ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Медициналық сараптама оның жол апаты кезінде масаң күйде болмағанын көрсетті. Қазіргі уақытта тиісті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", - деді Абай облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары, полиция полковнигі Ернар Базаров.

    Полиция жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға және әсіресе тұрғын үйлердің маңында, балалар жүретін орындарда барынша мұқият болуға шақырды.

    Бұған дейін хабарлағанымыздай, Абай облысы Бестерек ауылында қайғылы жағдайға байланысты президенттің тапсырмасымен оқиға орнына бортында дәрігерлер бар Қорғаныс министрлігінің ұшағы жіберілді.

    Абай облысында балаларды қақты деген жүргізушіге қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.