jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Астанада автобус жол апатына ұшырап, 14 адам ауруханаға жеткізілді

    жол апатына ұшыраған автобус
    Жол апатына ұшыраған автобус. Видеодан кадр : t.me/krispastana

    Астанада автобус жол апатына ұшырап, оқиға орнынан 14 адам ауруханаға жеткізілген, деп хабарлайды елорданың қоғамдық денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    "Қабанбай батыр көшесінде болған жол-көлік оқиғасы салдарынан 14 адам жедел жәрдем арқылы қалалық көпсалалы стационарларға, сондай-ақ Ұлттық шұғыл медицина үйлестіру орталығына жеткізілді", - делінген хабарламада.

    Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, қабылдау бөлімінде барлық зардап шегуші салалық мамандардың тексеруінен өткен.

    Нәтижесінде олардың бірқатары амбулаторлық емдеуге жіберілсе, ал қалғандары қосымша тексеруден өтіп жатыр.

    Зардап шеккендердің басым бөлігі жеңіл жарақат алған.

    Астанада автобус жол апатына ұшырап, 14 адам ауруханаға жеткізілді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.