jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Бұрынғы қызметкер

    Маңғыстау облысында жол апатынан 10 адам қаза тапты (видео)

    жол апаты
    Жол белгісі. Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

    Маңғыстау облысында жантүршігерлік жол апаты болды. Жол-көлік оқиғасы салдарынан 10 адам қаза тапты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Маңғыстау облыстық ПД-ның хабарлауынша, жол апаты 11 қыркүйек күні Маңғыстау облысы Қарақия ауданы Сенек елді мекенінен 90 шақырым қашықтықта болған.

    Алдын ала мәлімет бойынша, Toyota Hiace автокөлігінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, салдарынан көлік жолдың шетіне аударылып кеткен. Жол-көлік оқиғасы кезінде автоның ішінде жолаушылар болған.

    "Жол апатының салдарынан 8 адам оқиға орнында көз жұмды, тағы екі адам ауруханаға жеткізу барысында қайтыс болды. Жүргізуші мен екі жолаушы түрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды", - делінген полиция хабарламасында.

    Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалған. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайын анықтауға бағытталған сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Қажетті сот-медициналық сараптамалар тағайындалған.

    Маңғыстау облысында жол апатынан 10 адам қаза тапты (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.