Маңғыстау облысында 10 адам қаза тапқан жол апатынан зардап шеккендердің жағдайы белгілі болды
Опубликовано:
Читать на русском
Маңғыстау облысында 10 адамның өмірін қиған жол апатынан зардап шеккендердің жағдайы белгілі болды, деп хабарлайды өңірдің денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Ведомствоның баспасөз қызметінің мәліметінше, 11 қыркүйекте Бекет-ата – Шопан-ата тас жолында болған жол-көлік оқиғасынан кейін үш жолаушы Жаңаөзен көпбейінді қалалық ауруханасына жеткізілген.
"1964 жылы туған ер адам мен 1967 жылы туған әйел жансақтау бөліміне жатқызылды, олардың жағдайы ауыр. 1960 жылы туған әйел травматология бөлімінде жатыр, жағдайы тұрақты ауыр.
Олардың жағдайын дәрігерлер бақылауда. Толық мәлімет қосымша беріледі", - деп хабарлады Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасындағылар.
Айта кетелік, 10 адам көз жұмған жол апаты 11 қыркүйекте Маңғыстау облысы Қарақия ауданы Сенек елді мекенінен 90 шақырым жерде болған.
Алдын ала мәліметтер бойынша, Toyota Hiace маркалы автокөліктің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, салдарынан көлік жол шетіне аударылып кеткен.
Жол апаты салдарынан жолаушылардың сегізі оқиға орнында, тағы екі адам ауруханаға барар жолда қайтыс болған. Жүргізуші мен екі жолаушы түрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылған.
Кейін белгілі болғандай, жолаушылар қасиетті Бекет-Атаға қажылық сапарға шыққан. Барлығы еліміздің әртүрлі өңірлерінен келген Қазақстан азаматы.
Жол-көлік оқиғасына байланысты қылмыстық іс қозғалды. Сондай-ақ ішкі істер министрінің тапсырмасымен жедел штаб құрылып, министр қылмыстық істің тергеу барысын бақылауына алды.
Қазіргі уақытта тергеу аясында жүргізушінің іс-қимылы, көліктің техникалық жағдайы, маршрут және тасымалдау шарттары тексерілуде.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/road-accident/2285423-manggystau-oblysynda-10-adam-qaza-tapqan-zhol-apatynan-zardap-shekkenderding-zhagdaiy-belgili-boldy/