jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Алматы облысында балалар мінген автобус жеңіл көлікпен соқтығысты: қаза тапқандар бар

    оқиға орны
    Оқиға орнында түсірілген видеодан кадр: t.me/ztb_qaz

    Желіде Алматы облысында жол апаты болған жерде түсірілген видео жарияланды. Кадрға мектеп оқушылары мінген автобус жеңіл көлікпен соқтығысқан сәт ілінген, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Алматы облысы полиция департаменті өкілдерінің хабарлауынша, полиция "Сокол" саяжай қоғамдастығы аумағында Hyundai Accent көлігі мен жолаушылар автобусы жол-көлік оқиғасына тап болғанына байланысты қылмыстық іс қозғады.

    Оқиға салдарынан көлік жүргізушісі оқиға орнында, ал қасындағы жолаушысы медициналық мекемеде көз жұмды. Басқалары аман.

    "Алдын ала мәлімет бойынша, Hyundai Accent жүргізушісі кері бұрылу кезінде автобусқа жол бермей, онымен соқтығысқан.

    Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған бірқатар жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр. Тергеп-тексеру барысы Алматы облыстық полиция департаментінің басшылығының бақылауына алынды", - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі өкілдері.

    Алматы облысында балалар мінген автобус жеңіл көлікпен соқтығысты: қаза тапқандар бар

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.