jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Маңғыстау облысында 10 адам қаза тапқан жол апаты: министрлік зардап шеккендердің жағдайы туралы хабарлады

    Маңғыстауда 10 адам қаза болған жол апаты
    Маңғыстауда 10 адам қаза болған жол апаты. Кадр: "Астана" арнасы

    Дәрігерлер Маңғыстау облысында автомобиль апатынан зардап шеккен екі әйелдің жағдайын тұрақтандырып, кейін Астанадағы Ұлттық шұғыл медицина орталығының клиникасына жеткізеді, деп хабарлайды Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Ведомствоның Instagram желісіндегі ресми парақшасында хабарланғандай, Маңғыстау облысындағы Бекет-ата – Шопан-ата автожолында автомобиль апатынан зардап шеккен екі әйел бір күн бұрын санитариялық авиация бортымен Жаңаөзеннен Маңғыстау облыстық көпбейінді ауруханасына жеткізілді.

    "Ауыр жағдайдағы екі пациентті одан әрі емдеу үшін бүгін Денсаулық сақтау министрлігінің Республикалық орталықтары мамандары бас қосып, телемедициналық консультациялар өткізілді. Алдағы күндері оларды Астанадағы Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығының клиникасына жатқызу ұсынылды", - делінген министрлік хабарламасында.

    Ақ халаттылардың сөзінше, зардап шеккендердің біріне полижарақат диагнозы қойылған, екі өкпесі де көгерген, бұл десатурация кезеңдерін тудырады және тасымалдауды қиындатуы мүмкін. Басқа пациенттің жағдайы салыстырмалы түрде тұрақты, алаңдаушылық туғызбайды.

    Жол апатынан зардап шеккен үшінші адам Жаңаөзен қаласының ауруханасында қалды, оның жағдайы тұрақты.

    Айта кетелік, 10 адам көз жұмған жол апаты 11 қыркүйекте Маңғыстау облысы Қарақия ауданы Сенек елді мекенінен 90 шақырым жерде болған.

    Алдын ала мәліметтер бойынша, Toyota Hiace маркалы автокөліктің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, салдарынан көлік жол шетіне аударылып кеткен.

    Жол апаты салдарынан жолаушылардың сегізі оқиға орнында, тағы екі адам ауруханаға барар жолда қайтыс болған. Жүргізуші мен екі жолаушы түрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылған.

    Кейін белгілі болғандай, жолаушылар қасиетті Бекет-Атаға қажылық сапарға шыққан. Барлығы еліміздің әр түрлі өңірлерінен келген Қазақстан азаматы.

    Жол-көлік оқиғасына байланысты қылмыстық іс қозғалды. Сондай-ақ ішкі істер министрінің тапсырмасымен жедел штаб құрылып, министр қылмыстық істің тергеу барысын бақылауына алды.

    Қазіргі уақытта тергеу аясында жүргізушінің іс-қимылы, көліктің техникалық жағдайы, маршрут және тасымалдау шарттары тексерілуде.

    Маңғыстау облысында 10 адам қаза тапқан жол апаты: министрлік зардап шеккендердің жағдайы туралы хабарлады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.