jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Семей орталығында жүк көлігі шұңқырға түсіп кетті (видео)

    Шұңқырға түсіп кеткен жүк көлігі
    Шұңқырға түсіп кеткен жүк көлігі. Кадр: Абай облысы полиция департаменті

    Семей орталығындағы қиылыста жүк көлігі шұңқырға түсіп кетті, деп хабарлайды өңірдің полиция департаментіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Департамент мәліметіне сәйкес, оқыс жағдай 2025 жылғы 14 қыркүйекте Семей қаласында Ибраев пен Уранхаев көшелерінің қиылысында болған.

    "Жол-құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатқан кезде жылу торабына жақын маңда жол жамылғысы опырылып түсті.

    37 жастағы Шансиман жүргізушісі аталған учаскеден өтіп бара жатып, көлігімен пайда болған шұңқырға жартылай түсіп кеткен. Зардап шеккендер жоқ. Тек материалдық шығын келтірілген", - делінген полиция департаментінің хабарламасында.

    Оқиға орнына дереу жеткен полиция қызметкерлері аумақты қоршап, қауіпсіздік шараларын қабылдаған. Оқыс жағдайдың барлық мән-жайы анықталып жатыр.

    Семей орталығында жүк көлігі шұңқырға түсіп кетті (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.