jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Алматы облысында жантүршігерлік жол апатынан сегіз адам қаза тапты

    оқиға орнынан кадр
    Оқиға орнынан кадр: t.me/egovpress

    Алматы облысында жантүршігерлік жол апаты болды. Облыстық полиция департаменті оқиға туралы толық мәлімет таратты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Оқиға болған жерде түсірілген кадрлар желіде жарияланды. Кадрлардан майысқан автокөліктердің қаңқасын байқауға болады.

    Ведомствоның хабарлауынша, полицейлер Алматы–Бішкек тас жолының 107-ші шақырымында болған жол-көлік оқиғасы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады.

    Алдын ала мәлімет бойынша, Lexus қарсы бағыттағы қозғалыс жолағына шығып кетіп, Toyota Alphard көлігімен соқтығысқан.

    "Жол апаты салдарынан сегіз адам алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды, екеуі ауруханаға жатқызылды", - деп хабарлады облыстық полиция департаменті өкілдері.

    Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайын анықтау үшін барлық қажетті тергеу шаралары жүргізілуде.

    Полицейлер жүргізушілерден жол ережесін қатаң сақтауды және жолда өте сақ болуды сұрайды.

    Алматы облысында жантүршігерлік жол апатынан сегіз адам қаза тапты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.