jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Бестеректегі жол-көлік оқиғасы: комада жатқан қыз бала көз жұмды

    жансақтау
    Жансақтау бөлімі. Көрнекі фото: pexels.com

    Тамыздың ортасында Бестерек ауылында болған жол-көлік оқиғасынан қаза тапқандар саны артты – жол апатынан кейін комаға түскен қыз бала көз жұмды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Kazinform-ге сілтеме жасап.

    Облыстық денсаулық сақтау басқармасының агенттікке берген ақпараты бойынша, қыз бала осы уақытқа дейін ес-түссіз жатқан. Ол жол апатынан көз жұмған балалардың ең үлкені.

    Дәрігерлердің айтуынша, оқиғадан кейін оны алдымен Үржар аудандық ауруханасына апарған, кейін санавиация тікұшағымен Семейге жеткізілген.

    "Кішкентай науқас өте ауыр жағдайда еді. Дәрігерлер оның өмірі үшін күресті, бірақ жарақаты тым ауыр болды. Ол есін жимастан көз жұмды", - деп хабарлады ведомстводағылар.

    Естеріңізге сала кетейік, жол-көлік оқиғасы 19 тамызда болды.

    Полицияның мәліметінше, Toyota автокөлігінің 55 жастағы жүргізушісі рөлге ие бола алмай, үй қақпасының жанында тұрған балаларды қағып кеткен.

    Салдарынан кәмелетке толмаған екі бала оқиға орнында көз жұмса, біреуі ауруханаға бара жатқан жолда қаза болған. Жарақат алған тағы үш бала ауруханаға жеткізілген.

    Жүргізуші ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған.

    Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша оқиға орнына зардап шеккен балаларға медициналық көмек көрсету үшін бортында нейрохирург, травматолог және реаниматолог секілді мамандар бар Қорғаныс министрлігінің С-295 әскери-көлік авиация ұшағы жіберілді.

    Кейінірек облыстық әкімдік жол-көлік оқиғасының салдарынан зардап шеккен балаларға қатысты жаңа деректерді жариялады. Әкімдіктің мәліметінше, жол-көлік оқиғасы салдарынан 2-7 жас аралығындағы үш бала көз жұмған, сонымен қатар 6-9 жас аралығындағы тағы үш бала жарақат алған. Белгілі болғандай, зардап шеккендер екі отбасының балалары.

    Бестеректегі жол-көлік оқиғасы: комада жатқан қыз бала көз жұмды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.