jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Астанада бағдаршамда 7 жасар баланы көлік қақты

    оқиға орны
    Оқиға орнынан кадр: t.me/krispastana

    Астанада бағдаршамның жасыл түсі жанғанда көшені кесіп өтпек болған жеті жасар баланы көлік қақты. Полицейлер оқиғаның мән-жайын мәлім етті, деп хабарлайды қалалық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Оқиға орнында түсірілген кадрлар Telegram-дағы Kris_p_astana арнасында жарияланды. Автор жол-көлік оқиғасыАйнакөл көшесінде, бала бағдаршамның жасыл түсіне өтіп бара жатқан кезде болғанын жазды.

    Астана Полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілдерінің NUR.KZ тілшісіне берген мәліметінше, Айнакөл көшесінің бойымен келе жатқан Toyota көлігінің жүргізушісі Төлебаев көшесінің қиылысында кәмелетке толмаған жаяу жүргіншіні қағып кеткен.

    Хабарламаға сүйенсек, бала бағдаршамның жасыл түсі жанған кезде жолды кесіп өтіп бара жатқан.

    "Жол-көлік оқиғасы салдарынан жаяу жүргінші медициналық мекемеге жеткізілді, тексеруден кейін ол амбулаториялық емдеуге жіберілді. Тергеу амалдары жүргізілуде", - деп хабарлады ведомство өкілдері.

    Астанада бағдаршамда 7 жасар баланы көлік қақты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.