jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Алматыда жолаушылар автобусы аялдамаға соғылды: зардап шеккендер бар (видео)

    жол-көлік оқиғасы
    Жол-көлік оқиғасы. Фото: KAZ.NUR.KZ

    Алматыда автобус аялдамаға соғылып, онда автобус күтіп тұрған адамды қағып кетті, деп хабарлайды Алматы полиция департаментіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, бүгін сағат 12:35-те Жетісу ауданында автобус жол-көлік оқиғасына ұшырады.

    "Солтүстік айналма тас жолымен солтүстік бағытта келе жатқан Yutong автобусының жүргізушісі көлікке ие бола алмай, жол жиегіне және аялдамаға соқтығысып, сол уақытта аялдамада тұрған жаяу жүргіншіні қағып кетті", - деді полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

    Апат салдарынан екі адам – аялдамада тұрған жаяу жүргінші мен автобус жолаушысы медициналық көмекке жүгінген.

    Оқиғаның мән-жайын Жетісу аудандық полиция басқармасы анықтап жатыр.

    NUR.KZ редакциясына оқиға куәгері видео жолдады.

    Алматыда жолаушылар автобусы аялдамаға соғылды: зардап шеккендер бар (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.