jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Бұрынғы қызметкер

    Зардап шеккендер бар: Алматы - Бішкек тасжолында жантүршігерлік жол апаты болды

    Жол апаты
    Жол апаты. Фото: Қарасай ауданының полиция басқармасы

    Алматы облысында үш көліктің қатысуымен жол апаты болды. Жол-көлік оқиғасы салдарынан бірнеше адам зардап шекті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Алматы облысы Қарасай ауданының полиция басқармасы Instagram желісінде жол апатының мән-жайын хабарлады. Полиция хабарламасына сәйкес, жол-көлік оқиғасы 1 қарашада сағат шамамен 07:15-те Алматы – Бішкек тасжолының 41-шақырымында болған.

    "Алдын ала мәлімет бойынша, Lexus RX300 көлігінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, қарсы бағытқа шығып кетіп, Toyota Land Cruiser 100 және Toyota Camry автокөліктерімен соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасы салдарынан барлық жүргізуші мен жолаушы түрлі жарақаттармен Қаскелең қалалық ауруханасына жеткізілді", - делінген полиция басқармасының хабарламасында.

    Toyota Land Cruiser көлігінің жүргізушісі мен жолаушысы ауыр халде жансақтау бөлімінде жатыр.

    Қазір оқиғаның себептері мен мән-жайы анықталып жатыр.

    "Ауа райының қолайсыздығына байланысты жүргізушілерден абай болуды, жылдамдық режимі мен жол қозғалысы ережелерін сақтауды сұраймыз", - деп ескертті полиция өкілдері.

    Зардап шеккендер бар: Алматы - Бішкек тасжолында жантүршігерлік жол апаты болды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.